«ҚазАвтоЖол» Жамбыл облысындағы автожол шақырымын ұлғайтты
Жамбыл облысындағы автожолдың екі учаскесінде жылдамдық режимі сағатына 120 шақырымға дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
"ҚазАвтоЖол" компаниясының мәліметінше, өзгеріс «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қайнар – Тараз және Тараз – Шымкент ақылы жол учаскелерінде 19 мамырдан бастап күшіне енген.
Сондай-ақ осы күннен бастап Тараз – Шымкент учаскесінде орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі уақытша өшірілді.
«Осыған байланысты сағатына 110 шақырым жылдамдық шектеуін асырғаны үшін келіп түсетін айыппұл хабарламалары жергілікті уәкілетті органдардың құзыретіне жатады және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның жауапкершілік аймағына кірмейді", – делінген компания хабарламасында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: