ҚМА қызметкерлері медициналық ұйым басшысынан 15 млн теңге талап еткен

Түркістан облысында өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар медициналық ұйым басшысынан 15 млн теңге талап еткен, деп хабарлайды  Arbat.Media.

Олар медицина мекемесінде «заңбұзушылықтар анықталғанын» айтып, басшылықты қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытқан. Ал егер ақша берсе, жауапкершілікке тартпауға уәде берген.

Екі адам медициналық ұйымдардың бірінің басшысынан 15 млн теңге алуға тырысқан. Олар бастапқыда 5 млн теңгені алып, кейін қалған 10 млн теңгені беруді талап еткен.

8 тамызда күдіктілерді Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері ақша алып жатқан жерінде ұстады.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

алаяқ теңге заңбұзушылық Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар