Қазақстан жаңалықтары22 ақпан 2024, 20:50

Қонаев қаласында аға прокурор ұсталды

Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокуроры ұсталды. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында тарады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Биыл 12 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті мен Бас прокуратураның жеке қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шаралары аясында Қ.Сонабаевтың Қонаев қаласында ұсталу фактісін растаймыз»,-деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

ҚР ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мәліметі жарияланбайды. 

Қонаев қаласы аға прокурор ұсталды Сонабаев

Тақырыпқа жаңалықтар