Қостанайда ер адам қызғаныштан әйелін атып өлтірді
Қостанайда қызғаныштан ажырасып кеткен әйелін атып өлтірген ер адам сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Наурыз айында ер адам қызғаныштан аңшылық мылтықпен бұрынғы әйеліне басы мен кеуде тұсына көздеп екі рет оқ атқан.
Алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.
Одан кейін сотталушы оқиға орнынан кетіп қалып, өз еркімен полицияға барып, кінәсін мойындаған.
Сот оны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: