Қостанайда науқас дәрігерді соққыға жықты

Қостанайда науқас дәрігерді соққыға жықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Операция жасап келген хирург науқастарды қабылдауды жалғастырмақ болғанда кезегін күтіп қалған азамат ашуға булығып, медицина қызметкерін ұрған.

Есінен танған хирург қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр.

"Науқастардың бірі дәрігерге агрессивті әрекет еткен. Ол дәрігерді соққыға жықты. Нәтижесінде дәрігер есінен танып қалды. Қазір хирург ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция тергеу амалдарын жүргізуде», деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Медицина қызметкерлері әділ тергеуді талап етіп отыр.

науқас Қостанай Қылмыс хирург

Тақырыпқа жаңалықтар