Қостанайдық жігіт Алматыға жұмысқа шығып, жоғалып кеткен

Алматыға бара жатқан жолда итімен бірге жоғалып кеткен Қостанайдың 21 жастағы тұрғыны аман-есен табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Роман Юрцевичтің қайда екенін полиция қызметкерлері анықтады.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері оның Алматыда екенін анықтады. Жігіт аман-есен табылды. Оны алып кету үшін әкесі жолға шықты".

Қостанай жігіт жұмыс полиция

Тақырыпқа жаңалықтар