ҚТЖ-дан дизель отынын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті
Көлік полицейлері «Қазақстан темір жолы» компаниясынан дизель отынын ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топты ұстады. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасы және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Жетісу облысының Бескөл станциясында тепловоз машинистерінен құралған қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Күдіктілер бірнеше жыл бойы пойыз диспетчерлерімен қылмыстық келісімге келіп, тепловоздардан жанар-жағармай материалдарын құйып алу арқылы дизель отынын ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ ұрлықтың 45 эпизоды бойынша әшкереленіп, «Қазақстан темір жолы» компаниясына 16 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді. Жетісу облысы Алакөл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды»,-делінген хабарламада.