Құлсарыда 2,5 мың ғимарат су астында қалды, мың бала эвакуацияланған
Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Құлсары қаласындағы соңғы ахуалды жариялады. 5 сәуір түнгі 22.45-тегі жағдай бойынша Құлсарыда 2500-ге жуық жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимаратты су басқан, - деп хабарлайды Arbat.media.
Құтқарушылар және өзге де тартылған күш-құралдар халықты эвакуациялауды жалғастырып жатыр.
Осы сағатта 4 мыңнан астам адам, оның ішінде 1 мыңнан астам бала қауіпсіз жерге көшірілген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: