Құлсарыда салынып жатқан мектептің төбесі құлап түсті

Атырау облысының Құлсары қаласында салынып жатқан мектептің төбесі жартылай құлап түсті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Төтенше жағдай Атырау шағын ауданында болды. Білім басқармасының мәліметінше, апат болған мектеп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр екен. Білім ошағы 1200 орынға есептелген.

Құрылыс аяқталғанға дейін жобаның жауапты әкімшісі Атырау облысының құрылыс басқармасы екен.

Қазіргі таңда апатың себептері мен зақымдану аумағы анықталып жатыр.

Құлсары Құрылыс Мектеп Оқушы

Тақырыпқа жаңалықтар