Қырғызстанда қаза болған балалардың денесі Өскеменге жеткізілді
Қырғызстандағы Ош облысының Ноокат ауданында селден қаза болған ауыл тұрғындары мен туристер арасында Шығыс Қазақстанның 4 баласы бар. Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған. Туристік аймақта жүрген сел шығысқазақстандықтардың өмірін қиып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін балалардың денесін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Өңір әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған барлық қызметтердің мамандары жұмылдырылды.
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: