Қазақстан жаңалықтары3 маусым 2025, 13:52

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры не болды?

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісімен енді Бас прокуратура айналысады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісімен енді Бас прокуратура айналысады. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осылай дейді.

Оның айтуынша, Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Ақжарқынмен кездесіп, жағдайын біліп отыр. Бірақ оның жазасын елге келіп өтеу туралы өтініші қашан орындалатыны белгісіз.

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Қытайда есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі ретінде ұсталып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай сот

Тақырыпқа жаңалықтар