Placeholder "Қыздардың өлімі". Алматыда шатырға шығуға тыйым салынды
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары17 қыркүйек 2024, 6:24

"Қыздардың өлімі". Алматыда шатырға шығуға тыйым салынды

Алматыда екі жасөспірім қыздың өмірін қиған жантүршігерлік оқиғадан кейін әкімдік көпқабатты үйлердің шатыры мен шардағына кіруге шектеу қою жөнінде шешім қабылдады. «Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың барлық органдарына қауіпсіздік шараларын күшейту, оның ішінде шатырға кіруді шектеу жөнінде хат жолдады», — деп таратты әкімдіктің баспасөз қызметі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сондай-ақ, бөлім аудан әкімдіктерімен, үгіт-насихат жетекшілерімен және белсенді тұрғындармен бірге шатырға кіруге шектеуді тексеру үшін көпқабатты тұрғын үйлерді аралауды бастады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Тексеру нәтижесі актіде тіркеледі.

«Бұдан былай шатырға басқарушы компанияның рұқсатымен ғана кіруге болады», — деп қосты әкімдіктегілер.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде екі қыздың көпқабатты үйдің шатырынан құлап көз жұмғаны жайлы ақпарат тараған еді. Бұл факті бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ қайғылы оқиғаға орай Алматының білім басқармасы мәлімдеме жасады.

«Білім басқармасы тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, істің бүкіл мән-жайын зерделеу жөніндегі комиссия құрды» делінген хабарламада.

Алматы Қыздар шатыр тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар