Қызылорда облысында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Жаңақорғанда 20 жастағы жігіттің мәйіті құдықтан табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 20 жастағы Мейіржан Рүстемнің мәйіті құдықтан табылды. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, марқұмның 15 жастағы туған інісі күдікке ілініп, қамауға алынған.

Мейіржан 30 мамыр түні үйінің ауласында ұйықтаған. Таңертең жақындары оның жоқ екенін байқап, іздеуге кіріскен. Туыстарының айтуынша, іздеу жұмыстары барысында жігіттің денесі бір тәуліктен кейін үйінен шамамен 400 метр жердегі жергілікті су құбырының құдығынан табылған.

Марқұмның туыстары оның денесінен көгерген іздер байқалғанын, ал мойнында жіпке ұқсас із болғанын айтады. Сондай-ақ кей мәліметтерде мәйіттің көрпеге оралған күйде табылғаны айтылған.

Қазір бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Іс аясында марқұмның кәмелетке толмаған інісі күдікті ретінде қамауға алынған.

Қызылорда Қылмыс іс

Тақырыпқа жаңалықтар