Қызылордада 16 жастағы қыздың өліміне күдікті ұсталды

Қызылорда облысында 16 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Полицияның мәліметінше, күдікті осы ауданның тұрғыны. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Еске салайық, бұған дейін Шиелі ауданында үйінен шығып кеткен жасөспірімнің мәйіті су арнасынан табылған болатын. Қыз бір тәулік бойы іздестірілген. Марқұмның туыстары оның қасақана өлтірілген болуы мүмкін екенін айтып, полиция қылмыстық іс қозғаған еді.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды. Істің толық мән-жайы тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Қызылорда Ақпарат Күдікті ұсталды
5 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
5 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
5 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар