Қызылордада Абайдың бір ғасыр бұрынғы өлеңдер жинағы табылды

Ескі араб әліпбиімен жазылған көне кітап облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақтаулы, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ғалымдардың айтуынша, Абай қайтыс болғаннан кейін 1909 жылы Кәкітай Ысқақұлының бастамасымен алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрген. Ал 1922 жылы Қазанда басылған бұл жинақ – толықтырылған нұсқа. Кітапты 1982 жылы Мыңата Қалдыбаев музейге сыйға тартқан.

13 бөлімнен тұратын көне жинақ жуырда өлкетанушы Жұмабай Байзақұлының аудармасымен заманауи үлгіде қайта басылып шықты.

Абай Құнанбай өлең араб

Тақырыпқа жаңалықтар