Раяна, Айлана және Аяна: Алматыда үшем үйге шығарылды
Алматыда үшем үйге шығарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алматыдағы №2 қалалық перинаталдық орталықта дүниеге келген үшем бір айлық емнен кейін үйге шығарылды.
Раяна, Айлана және Аяна 7 мамыр күні жүктіліктің 35-аптасында дүниеге келген. Сәбилердің туған кездегі салмағы 1690, 1390 және 1660 грамм болған.
Жағдайы ауыр болған нәрестелер жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Кейін дәрігерлердің бақылауымен емін жалғастырды. Мамандардың айтуынша, бір айлық ем мен күтімнің нәтижесінде сәбилердің жағдайы жақсарып, үйге шығарылған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: