Қазақстан жаңалықтары8 сәуір 2024, 20:14

Рэпер Morgenshtern Қостанай облысына гуманитарлық көмек жібермекші

Танымал ресейлік орындаушы Morgenshtern (шын аты Әлішер Моргенштерн) әлеуметтік желіде Қазақстанға, атап айтқанда Қостанайға гуманитарлық көмек жіберетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жазба Telegram каналы мен Instagram желісінде жарияланды дейді Kazinform агенттігі.

«Қазақстанға, атап айтқанда Қостанайға гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі бара жатыр», - деп жазды әнші.

Ол сондай-ақ оның қоры Орск қаласындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесетінін айтты.

Жедел штаб бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Morgenshtern Тасқын Көмек Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар