Ресей, Украина мен АҚШ арасында үшжақты келіссөз өтті

Женевада Ресей, Украина және АҚШ өкілдері қатысқан үшжақты келіссөздердің екінші күні күтпеген жерден аяқталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл жолғы кездесу алты сағатқа емес, екі сағатқа ғана созылып, жабық форматта өтті.

Украина мен АҚШ делегацияларының құрамы өзгермеген. Ал Ресей тарапын президент көмекшісі Владимир Мединский бастап барды.

Бұған дейін келіссөздердің екі раунды Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен. Алайда олар нақты нәтиже бермеген.

Тараптар арасындағы негізгі келіспеушіліктер – Донбасс мәртебесі және Запорожье атом электр станциясының болашағы.

АҚШ Келіссөз Ресей Ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар