Ресеймен шекарада жүк көліктерінің кептелісі туындады
18 шілдеден бастап Ресей Федерациясы бағытында Батыс Қазақстан облысының «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде 100-ге жуық жүк автокөлігі тұрып қалды. БҚО мемлекеттік кірістер департаментінен мәлім еткеніндей, шекаралас Самара облысында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуі кептелістің негізгі себебі болып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«Осыған байланысты мемлекеттік шекарадан өту кезінде баламалы қозғалыс бағыттарын пайдаланып, «Ақсай», «Шаған» және «Тасқала» автомобиль өткізу бекеттері арқылы жүруді ұсынамыз. Департамент қызметкерлері жергілікті жерлерде баламалы маршруттар бойынша шекарадан өту мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. «Сырым» автомобиль өткізу бекеті штаттық режимде жұмыс жасауда», - деп хабарлады ведомстводан.
Ресеймен шекарада жүк көліктерінің кептеліске ұшырауы бір бұл емес.