Шавкат Рахмоновтың жұбайын марқұмның туыстары кешірді
Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайының қатысуымен болған жол апатына қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Былтыр жазда болған оқиғадан екі әйел адам көз жұмған . Сот отырысында марқұмның отбасы осы іс бойынша айыпталушы Гүлайым Рахмонованы кешіретінін мәлімдеді.
Сот отырысында қаза тапқан әйелдің әкесі қайғылы жағдай туралы тек кешке қарай естігенін айтты. Оның сөзінше, Алматыдағы үйлеріне айыпталушының туыстары мен жол апатынан көз жұмған екінші әйелдің анасы келген.
«Олар бізден кешірім сұрады. Бірге жыладық», - деді марқұмның әкесі сотта.
Сондай-ақ ол айыпталушы тарап марқұмның денесін Жамбыл облысынан жеткізуге көмектесіп, жерлеу рәсіміне байланысты шығындардың бір бөлігін өз мойнына алғанын тілге тиек етті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: