Қазақстан жаңалықтары3 маусым 2025, 9:46

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

Батыс аймақта шаңды дауыл тұрса, оңтүстік-батыста қатты ыстық күтіледі. Сондай-ақ солтүстік, орталық, оңтүстік және батыс өңірлерде жоғары өрт қаупі бар.

Астанада күн бұлтты. Найзағай ойнап, жауын жауады. Ауа температурасы +28+30°С, желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +27+29°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы +34+36°С, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Ауа райы бүгін маусым қандай

Тақырыпқа жаңалықтар