“Шектеу қоймауы керек”: Әсел Асқар жігіттерге қандай талап қоятынын айтты

Актриса әрі блогер Әсел Асқар жеке өміріне қатысты ойын бөлісті. Ол алдағы уақытта тұрмыс құруға қарсы емес екенін айтып, болашақ жарынан не күтетінін ашық жеткізді, деп хабарлайды Arbat.media Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Мира Ахмади жүргізген сұхбат барысында Әсел Асқар қазіргі жасы – өмірдің ең шынайы әрі тәжірибеге толы кезеңі екенін айтты. Оның сөзінше, өмірінде түрлі сынақтардан өтіп, енді сабырлы әрі саналы шешімдерге келуге дайын.

«Мен әзірге шектеу қоятын, не істеуім керек екенін айтып отыратын ер адамдармен араласқым келмейді. Егер менімен өмірін байланыстырамын деген адам табылса, қарсы емеспін. Бірақ бір ғана талабым бар – ол менен көп табыс табуы керек. Бұл – оның ер-азамат ретінде жауапкершілік алып жүргенінің белгісі», – деді ол.

Сондай-ақ актриса бұған дейін әлеуметтік желідегі жазбалары әзіл ретінде қабылданып келгенін, шын мәнінде өмірге байыппен қарайтынын да тілге тиек етті.

Әсел Асқар Актриса

Тақырыпқа жаңалықтар