«Семей орманы»: Құтқарушылар ашық жанып жатқан өртті тоқтатты

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы орман өртін сөндіру жұмыстары күн-түн демей жалғасып жатыр.Өрт сөндірушілер ашық жануды жойды, деп хабарлайды Arbat.Media.

ҚР Экология министрлігі мәліметінше, 17 шілде таңғы сағат 07:00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге 769 адам, 191 жерүсті техникасы және 8 тікұшақ қатыстырылған. Министрліктің хабарлауынша, барлық қызметтердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында ашық жану толықтай сөндірілген.

Қазіргі уақытта жекелеген бықсыған ошақтарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрт басталғалы бері авиация 219 рет су төгіп, өрт ошағына жалпы көлемі 474 тонна су жеткізілген. Қазір орман өртін толықтай оқшаулау және жою жұмыстары жалғасуда. Экология министрлігінің мәліметінше, жағдай тұрақты бақылауда.

Өрт экология Орман Табиғат

Тақырыпқа жаңалықтар