Қазақстан жаңалықтары21 сәуір 2026, 11:21

Семейде мас ер адам кәмелетке толмаған қыздарға тиіскен

Семейде мас ер адам кәмелетке толмаған қыздарға тиісіп, жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жасөсірімдер көшеде өздерін мазалаған ер адамның орынсыз әрекетін видеоға түсіріп алған.

Абай облыстық полиция департаменті видеоға қатысты тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді. Қыздар полицияға арызданбаған, алайда видео авторлары анықталып, олар мас күйдегі ер адамның әдепсіз әрекеттерін растаған.

Полиция ер адамның жеке басы анықталғанын, оған заңнамаға сәйкес шара қолданылатынын атап өтті.

семей ер адам Қылмыс қыз
1 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 15:12 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:30 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар