Семейде қоқыстан сәби табылды
3 ақпан Семей қаласында қоқыс контейнерінің ішінен жаңа туған қыз баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алғашқы іс-шаралар барысында үй жағдайында босанған 20 жастағы қыз анықталды. Оның айтуынша, сәби өлі туған. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысында нәрестенің мәйітін қоқыс контейнеріне тастаған қала тұрғыны анықталды.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда істің мән-жайы анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: