Семейде түрмедегі адам әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады
Семейде жазасын өтеуші әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол №20 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жүріп радикалды идеология мен зорлық-зомбылықты насихаттайтын материалдарды таратқан.
«Айыпталушы «WhatsApp» және «Telegram» мессенджерлері арқылы қарулы жиһадқа үндейтін бейнематериалдар мен мәтіндерін жолдаған», - деп хабарлайды облыстық сот.
Сот жасалған қылмыстың сипатын және оның қайталануын ескеріп, сондай-ақ бұрынғы өтелмеген жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: