Қазақстан жаңалықтары5 қараша 2023, 9:10

Семейде жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздеп жатыр

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Валерия Ефанова 2 қараша таңғы 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, бүгінгі күнге дейін қайтып оралмаған.

Үстінде ақ түсті күрте, аяқ киімі ақ, ақшыл түсті сөмкесі бар.

Белгілері: дене бітімі арық, көздері жасыл, шашы ақшыл, иығын дейін. 

Кәмелетке толмаған баланы көрген-білгендер болса, мына телефондарға хабарласқаны жөн: +7 (707-95) 1-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102.

семей 15 жас Іздеу жоғалып кетті

Тақырыпқа жаңалықтар