Семейдегі тіс емханасында ер адам жүкті әйелге шабуыл жасады
Абай облысының полиция департаменті оқиғаның қаладағы тіс емханаларының бірінде болғанын растап, ер адамның ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды Arbat.Media.
“Полиция жүкті әйелге қатысты қорлау және құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін ер адамды ұстады. Кезекке байланысты туындаған жанжал барысында ер адам жүкті әйелге дөрекі сөздер айтып, оның ұялы телефонын жұлып алғаны анықталды”, – делінген полиция хабарламасында.
Сот қаулысымен азамат Е әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: