Қазақстан жаңалықтары29 наурыз 2024, 22:23

«Сен менің және анамның өмірін құрттың». Бишімбаев әкесін неге кінәлайды?

Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтті. Жәбірленуші жақтың айтуынша, оқиға жаңа жыл (2023 жыл) қарсаңында мерекелік дастарқан басында болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«31 желтоқсан күні сағат кешкі он шамасында Салтанат пен Қуандықтың үйіне қонақ болып бардым. Сондай-ақ үйде Қуандықтың ата-анасы және екінші некедегі үш баласы болған. Сонымен қатар тағы да шақырылмаған қонақ ретінде Бақытжан Байжанов әйелімен сыйлық алып келген. Салтанат оларға арнайы сыйлық дайындамағандықтан, Қуандық сыйлаған иіссуды Бақытжанның әйеліне кетер алдында сыйлаған. Осыдан соң олардың арасында ұрыс басталды», деп баяндайды сот отырысында Нүкенованың ағасы.

Ашу үстінде Бишімбаев сабырға шақырған өз әкесіне де ауыр сөздер айтқан.

Бишімбаев ата-анасына бұл іске араласпауын сұрап, барлығына өзінің әкесін кінәлап шыққан.

«Осының барлығына сен кінәлісің. Сен менің және анамның өмірін құрттың деп айтқан әкесіне», деді жәбірленуші тарап.

Бишімбаев соты анамның өмірін құрттың Қуандықтың әкесі отбасындағы ұрыс-керіс

Тақырыпқа жаңалықтар