Шерхан Аймахан қанша жылға сотталады?

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мемлекеттік айыптаушы соттан басты айыпталушы Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Аймахан Нұрай Серікбайға 36 рет пышақ жарақатын салған. Сот барысында айыпталушы оқиға кезінде не болғанын есіне түсіре алмайтынын айтып, өз кінәсін мойындамаған.

Марқұмның отбасы да сотта айыпталушы тараптан 10 млрд теңге көлемінде моральдық және материалдық өтемақы талап етіп отыр.

Еске салайық, 11 қаңтарда Нұрай Серікбай Шымкент көшелерінің бірінде ауыр пышақ жарақатынан көз жұмған. Қыздың бұған дейін шамамен алты ай бойы аңдуға ұшырағаны айтылған.

Оқиғадан кейін 28 жастағы Шерхан Аймахан ұсталып, қамауға алынған. Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша, соның ішінде аса қатыгездікпен адам өлтіру, некеге мәжбүрлеу және сталкинг бойынша айып тағылған.

Шымкент Марқұм сот Тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар