"Шерзаттың өлімін мойныма ала салайын дедім" — сотталушылар аузына келгенін айтып жатыр
Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда. Сотта айыпталушы Абзал Шынасыл жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.
Ол Шерзатқа пышақ сұққанын мойындайтынын және айыпталушылармен өзара қылмысты нақты бір адам жасағаны туралы сөйлескенін жеткізді.
«Шерзатты мен мойныма ала салайын, ал Нұрқанаттың жамбасына пышақ тыққан Шыңғыс деп келіскен болатынбыз» - дейді ол сотта берген жауабында.
Талғардағы полиция басқармасында тергеушілер "бір адам мойнына алмаса, топ болып кетесіңдер деп айтты" дейді айыпталушы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: