Шетел азаматтары үшін Қазақстанға кіру ақылы болады

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік шекарадан өту тәртібін түбегейлі өзгертетін ауқымды заңнамалық түзетулерді бекітті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Енді шетел азаматтары үшін Қазақстанға кіру ақылы болады және цифрлық рұқсат беру жүйесі енгізіледі.

Қазақстанда көші-қон жүйесі толықтай цифрландырылмақ.

Жаңа заң бойынша үш негізгі ұғым енгізіледі: электронды кіру рұқсаты, иммигранттың цифрлық профилі және шетел азаматтары туралы деректер сақталатын орталық база.

Барлық ақпарат бірыңғай цифрлық платформада біріктіріледі.

Сондай-ақ елге келушілер үшін міндетті алым енгізіледі, оның мөлшерін үкімет айқындайды. Бұл жүйені мемлекеттік үлесі басым оператор басқаратын болады.

Шетел қымбат Баға салық

Тақырыпқа жаңалықтар