Шетелдіктер үшін бензин қымбаттамайды

Энергетика министрлігі шетелдік нөмірлі көліктер үшін жанар-жағармай бағасын көтеру немесе сатып алуға қосымша шектеу енгізу әзірге күн тәртібінде жоқ екенін мәлімдеді,деп хабарлайды Arbat.Media.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы күндері шекара маңындағы өңірлерде ресейлік нөмірлі көліктер саны артқанымен, бұл ішкі нарықта жанармай тапшылығын тудырмаған. Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінде отынды тек көліктің штаттық багына құюға рұқсат етіледі. Қосымша ыдыстарға бензин сатуға тыйым салынған және бұл талаптың орындалуы бақылауда. Министрлік қазіргі қолданыстағы шаралар ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге жеткілікті екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті жыл басынан бері жалпы көлемі 16 мың литрден асатын жанар-жағармайды заңсыз әкетудің жолын кескен. Оның ішінде Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында ірі көлемдегі жанармайды заңсыз тасымалдау деректері анықталған.

Жанар жағар май Шетелдік көліктер Қазақстан жанармай бекеті

Тақырыпқа жаңалықтар