Щучинскіде жарылыс болған дәмханасының иесі қамалды
Щучинскіде жарылыс болған «Центр плова» дәмханасының иесі ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, дәмханадағы өрт фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу») бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Дәмхана басшысы кеше, 2 наурызда ұсталған. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: