Қазақстан жаңалықтары27 ақпан 2026, 20:49

Щучинскідегі өртке байланысты ведомствоаралық комиссия құрылды

Щучинск қаласындағы дәмханадағы жарылысқа қатысты ТЖМ жанынан ведомствоаралық комиссия құрылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Комиссия құрамына 5 министрлік пен облыстық әкімдік өкілдері енді. Олар оқиғаның себеп-салдарын анықтап, мұндай жағдайлардың алдын алу шараларын әзірлейді.

Еске салайық, қаладағы дәмханада газ баллоны жарылып, 7 адам қаза тапты, оның бірі – кәмелетке толмаған қыз. Қаза болғандардың барлығы – қызметкерлер. Соңғы мәлімет бойынша, 28 адам зардап шекті.

Қазір 10 науқас жансақтауда, тағы үшеуі травматология және хирургия бөлімдерінде ем қабылдауда.

Ақмола облыс Жарылыс Апат
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар