Щучинсктегі әскери колледжде әскерилер қызылшамен ауырып жатыр
Щучинсктегі әскери колледжде қызылшамен ауырғандар саны 71-ге жетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Облыстық денсаулық сақтау департаменті екі жасөспірім облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді.
Қалғандары жұқпалы аурулар орталығында емделіп жатыр.
Колледжде карантиндік режим, онда барлық байланыста болғандар орналастырылды.
Бұған дейін жансақтау бөлімінде болған үш сарбаздың біреуі жалпы палатаға ауысты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: