Синоптиктер: Аязды күндер жақындап келеді

Қазгидромет 6-8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің ықпалынан ауа райы тұрақсыз болып, жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде түседі.

Елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жаяу бұрқасын соғады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ал 8 желтоқсанда солтүстік-батыста 5–13 градус аяз, солтүстікте 10–15 градус аяз, әрі қарай температура төмендейді.

Ауа райы Климат желтоқсан Қыс

Тақырыпқа жаңалықтар