Солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүреді
«Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңіріне ескерту жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бүгін солтүстік облыстарда түнде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Кей өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және тұман күтіледі.
Ал Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында жаңбыр соңы қарға ұласуы ықтимал.
Астанада жаңбыр жаууы мүмкін. Жел күшейеді. Түнде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Ал оңтүстік және батыс өңірлерде шаңды дауыл болжанып отыр.
Сонымен қатар еліміздің көптеген облысында өрт қаупі әлі сақталады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: