ШҚО-да басқарма басшысы 134 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оның жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасына заңсыз сыйақы алғаны анықталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Тінту барысында тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленген.
Бұдан бөлек осы өңірдің білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақша алған.
Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: