ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндіргені үшін 19 шетелдік азамат ұсталды
ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндіргені үшін 19 шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісін анықтады.
Облыстың бір ауданында 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны ұсталды.Қымбат металдарды өндіруге арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар, сондай-ақ құрамында алтын мен басқа да бағалы компоненттердің белгілері бар металл бұйымдар тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
                                    Бөлісу
                                
                                
                                    Arbat media жаңалықтарына жазылу: