СҚО-да суицид пен зорлықты насихаттайтын сайттарға кірген оқушылар елді шошытты

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында кезекті тексеріс жүргізді. Нәтижесінде бірқатар мектепте заң талаптарының өрескел бұзылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Талдау барысында Ғ.Мүсірепов, Қызылжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандары мен Петропавл қаласының жалпы білім беру мекемелерінде «Білім туралы» заңның 43-бабы сақталмағаны анықталды.

Белгілі болғандай, 74 мектепте оқушыларға суицид, зорлық-зомбылық және өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерді насихаттайтын тыйым салынған сайттарға еркін кіруге мүмкіндік берілген.

Прокуратура органдарының қаулысына сәйкес, білім беру мекемелерінің басшылары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокурорлардың ұсынысы негізінде барлық аталған мектептерде тыйым салынған интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелді. Бұл шараның арқасында 11 мыңнан астам баланың құқықтары қорғалды.

СҚО Сайт Оқушы Мектеп
Бүгін, 11:23 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 15:41 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:35 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 14:31 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар