Қазақстан жаңалықтары4 қараша 2025, 20:31

ШҚО-да жол апатынан 5 адам қаза тапты

ШҚО-да жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

4 қараша күні Өскемен – Риддер тасжолының 48-шақырымында ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima автокөлігі соқтығысты. Салдарынан 5 адам жан тапсырып, 1 адам жарақат алды.

Қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды ескертеді.

ШҚО Жол апаты қаза тапты Адам

Тақырыпқа жаңалықтар