ШҚО-да жол тазалайтын жұмысшы қайтыс болды

Қайғылы оқиға Алтай ауданына қарасты Северное ауылында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жұмысшы тасжолды қардан тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін, арнайы жол техникасына қызмет көрсету кезінде ауыр жарақат алған.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, қажет шаралар қабылданғанымен, оны құтқару мүмкін болмады. Ер адам бұл салада 25 жыл еңбек еткен.

"Қызметтік тексеріс басталды. Арнайы комиссия құрылып, жағдайдың мән-жайы мен себебі жан-жақты қарастырылып жатыр", – деп мәлімдеді "ҚазАвтоЖол".

Ал полиция қылмыстық іс қозғаған.

ШҚО Жол апаты Марқұм Жұмысшы

Тақырыпқа жаңалықтар