ШҚО-дағы жантүршігерлік апаттан 3 адам көз жұмды
24 қараша күні Тарбағатай ауданындағы Омбы-Майқапшағай жолының 877 шақырымында жол апаты болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Chevrolet Enix және Howo маркалы жүк көлігі соқтығысты. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында мерт болды.
«Үшінші жолаушы ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Шығыс Қазақстанда жол апатының саны артып келеді. Апаттың негізгі себебі көктайғақ, қар және жодың сапасыз тазартылуы.
Кеше, 24 қараша сағат 19:00-де Абай облысында қолайсыз ауа райы салдарынан барлық автокөлік түрлеріне шектеу қойылды:
- KAZ07 "ҚХР шекарасы – Майкапшагай – Зайсан айналуы – Калбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы" автожолының 1103–1256 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасынан Зайсан қаласына дейін);
- KAZ08 "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1048–1013 шақырым аралығы (Уланское ауылынан Абай облысы шекарасына дейін).
"ҚазАвтоЖол" өкілдерінің хабарлауынша, жолдарды 25 қараша күні сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: