Су тасқыны: Құлсарыда бір көпір ішінара бұзылып, екіншісі жабылды
Тасқын су кірген Құлсары қаласында бір көпір ішінара бұзылып, екіншісі жабылды. Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін осындай шешім қабылданып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.
«Құлсары қаласындағы «Достық» шағын ауданы мен 5-ауылды жалғап тұрған көпір ішінара бұзылды. Бұл көпір ішінара бұзылғанымен, көлік қатынасына кері әсер етпейді. Себебі, мұнда көлік қозғалысына арналған басқа жол бар. Тасқын судың деңгейі түскеннен кейін аталған көпір қайтадан қалпына келтірілетін болады», - деп хабарлады аудандық әкімдік.
Аудандық жедел штабтың шешімімен бұл көпірдің үстімен жүру қауіпті деп танылған.
Өйткені көпір астымен ағысы жоғары тасқын су өтіп жатыр.
Сондай-ақ моноқаланың Ұ.Әбдірахманов көшесіндегі көпір уақытша жабылған.