Сұлтан Сәрсемәлиевге тағылған айыптарға қатысты жаңа мәліметтер шықты

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында төрт адамнан тұратын отбасын аяусыз өлтіруге қатысты қылмыстық істі қарау жалғасып жатыр,деп хабарлайды Arbat.Media.

Осы атышулы іс бойынша басты айыпталушы қаза тапқан отбасының күйеу баласы, 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев.

Tengrinews.kz таратқан мәліметке сәйкес, оған өзінің қайын атасы Мақсот Қарабалинді, қайын енесі Нәсіп Өтешқалиеваны, сондай-ақ олардың ересек балалары Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевті өлтірді деген айып тағылды.

30 маусымда мемлекеттік айыптаушылар Сәрсемалиевке бұған дейін тағылған айыпқа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жариялады. Осыдан кейін судья Зарема Хамидуллина сотталушыны айыптау актісінің жаңа редакциясымен таныстырды.

Судьяның хабарлауынша, кісі өлтіру эпизодтары бойынша айыптауға жаңа саралау белгілері енгізілген.

"Нәсіп Өтешқалиева мен Мақсот Қарабалинді өлтіру эпизоды бойынша айып Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 13-тармағымен - басқа қылмысты жасыру мақсатында жасалған кісі өлтіру бабымен толықтырылды", - деді судья Зарема Хамидуллина.

Сонымен қатар Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіру эпизоды бойынша айып ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 3 және 10-тармақтарымен толықтырылды. Тергеу нұсқасы бойынша, сал ауруына шалдыққан және көру қабілеті бойынша III топтағы мүгедектігі бар жәбірленуші дәрменсіз күйде болған және қарсылық көрсете алмаған. Сондай-ақ тергеу органдары қылмыстың мотиві ретінде әйелдің ата-анасы қаза тапқаннан кейін полицияға жүгіну ниетін атап отыр.

Сұлтан Сәрсемәлиев Атырау Трагедия сот

Тақырыпқа жаңалықтар