Шымкентте 13 жастағы жасөспірім атпен бірге 5 метрлік шұңқырға түсіп кетті

Шымкентте 13 жастағы жасөспірім атпен бірге 5 метрлік шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

ТЖМ мәліметінше, оқиға Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабында болған.

Жасөспірімді құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен шығарып алды.

"Жасөспірім дәрігерлерге тапсырылды", – деді ведомствода.

Ал атты шұңқырдан автокран арқылы шығарып, иесіне қайтарып берді.

Апат Бала Жасөспірім Шымкент

Тақырыпқа жаңалықтар