Шымкентте екі жасар баланы 4-қабаттан лақтырып жіберген
Екі жасар баланы 4-қабаттан лақтырып жіберген шымкенттік қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Шымкентте 2021 жылы туған сәбиді психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы 4-ші қабаттың терезесінен төменге тастап жіберген.
ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі – 99 бабы «адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Жас бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. 40 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: