Шымкентте «Mooni Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұсталды

Күдіктілер өздерін зергерлік бұйымдар сататын компания ретінде таныстырған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Азаматтарға 5 ай бойы салым сомасының 20-30%-ын ай сайын табыс ретінде беруге және негізгі қаражаттың сақталуына кепілдік берген. Бірақ төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен түскен.

Қаржы пирамидасына мыңнан астам адам салым салған. Келтірілген залал көлемі 500 млн теңгеден асады.

Күдіктілер түскен қаражатқа құны 280 млн теңге болатын элиталық үй мен автокөлік сатып алған. Бұл мүлікке сот шешімімен тыйым салынды.

Сондай-ақ тінту кезінде 15 млн теңге қолма-қол ақша және құны 28 млн теңгеден асатын 67 түрлі алтын бұйым тәркіленді.

Қылмыс пирамида Қаржы Апат

Тақырыпқа жаңалықтар