Шымкенттегі саябақта аттракцион тросы үзіліп, қыз бала жарақат алды

Оқиға 8 тамыз күні кешке Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында болған, деп хабарлайды Arbat.Media

Зардап шеккен қыздың анасының сөзінше, отбасы балаларымен бірге саябаққа демалуға барған. Жасөспірім қыз «Джампинг» аттракционына мінген. Секіру кезінде, трос үзіліп кетіп, қыз құлап қалған.

Әкімдік аттракционның саябаққа тиесілі емес екенін, оның аумақта қызмет көрсететін жалға алушыға тиесілі екенін атап өтті. Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Айта кетейік, бұл «Жайлаукөл» саябағындағы алғашқы оқиға емес. 2022 жылы мұндағы «Скалодром» аттракционында бір жас жігіт ауыр жарақат алған.

оқиға саябақ аттракцион Жарақат

Тақырыпқа жаңалықтар